Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016.24.10. № 330 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2015 жылғы 11 тамыздағы
№ 205 қаулысымен
бекітілген
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 69 Қаулысымен күші жойылды
«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.23.01. берілген өзгерістермен)
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019.23.01. № 8 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі -көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқасы.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім туралы туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағына сәйкес өтінішінің және құжаттарының болуы негіздеме болып табылады.